Описание
Ән-Ну‘мән ибн Сәбит ибн әл-Мәрзубән әл-Куфи, Әбу Ханифа деген атпен танымал. Һ.ж. 80 жылы дүние келіп, һ.ж. 150 жылы дүниеден озды. Соңғы табиғиндер өкілі болып табылады. Ол дінде имам, әрі әһлю-Сунна уәл-джәмә‘аның ұлы ғалымы болған. Әбу Ханифа ислам ғылымдарын жақсы білген, оның ішінде әсіресе хадистану мен ақидадан. Дей тұрғанмен, ол жұртшылыққа фиқһ білімінің маманы ретінде танымал болды, соған байланысты көптеген мұсылман ғалымдары, замандасы болсын, кейіннен келгендері болсын, «фиқһтің имамы» деп атап, оны құрметтеді. Міне, Әбу Ханифа туралы кейбір ғалымдардың сөзі:
Яхя ибн Мә’ин айтады: “Әбу Ханифа беделді хадис жеткізуші еді”.
Сондай-ақ, ол тағы былай деді: “Біз Әбу Ханифаны тіпті өтірікші деп сезіктенуге болмайтын ізгі адамдардың қатарынан деп есептейміз. Басшылардың бірі - Ибн Хубәйра өзінің қаласында Әбу Ханифаны сот болып жұмыс істеуге мәжбүрлейтін, ал ол бас тартатын. Осыған байланысты басшы оны қамшымен жазалады, бірақ Әбу Ханифа оған шыдады”.
‘Абдуллаһ ибн әл-Мубәрак айтады: “Өз өмірімде адамдардың ішінде ең тақуа, адамдардың ішіндегі ең ізгі, дін мәселесінде ең білімді және ең сауатты адамды кездестірдім. Ең тақуа – бұл ‘Абдул-Азиз ибн Руад; ең ізгі – бұл әл-Фудайл ибн ‘Ийәд; ең білімдісі – бұл Суфян әс-Саури; ал дінде ең сауаттысы – бұл Әбу Ханифа!” Одан кейін былай деді: “Мен фиқһта оған тең келетін адамды білмеймін!”
Ұлы имамдардың бір-бірі туралы айтқан сөздері ерекше құнды. Осындай сөздер арқылы үлкен ғалымдар арасында аса ізеттілік пен сыйластық, тіпті олардың көбісі бір-бірімен дос болғанын білеміз. Осыған сәйкес, мазхабаралық жауласушылық пен мұсылмандар арасындағы жеккөрушілік құбылыстары имамдардың тірі кезінде болмағанын білеміз. Керісінше, мұның барлығы кейіннен барып шықты. Мұның бәрі мұсылмандардың артта қалуы, олардың мазхабқа фанатиктік қарым-қатынасы мен діндегі бөлінушіліктің белгісі еді. Ғалымдардың кезінде жоғарыда айтылғандай фанатизм болмағанына келесідей фактілер дәлел болмақ:
Имам әш-Шафи’и былай дейді: “Бір күні имам Мәлик ибн Әнәсқа Әбу Ханифаны көрдіңіз бе деген сұрақ қойылды. Ол былай жауап берді: «Йә, егер мына қабырғаның құрамы алтын екенін дәлелдегісі келсе, онда оны дәлелдейтін адамды көрдім, оның дәлелдері соншалықты күшті еді!»”
Мухаммад ибн Бишр айтады: “Мен әлі оқып жүргенімде Әбу Ханифа мен Суфян әс-Сауридің сабақтарына барып жүрдім. Мен Әбу Ханифаға барған кезде ол менен қайда келгенімді сұрады. Мен Суфяннан келе жатқанымды айттым. Ал ол маған: «Сен ұлы кісіден келдің! Егер қазір‘Алқамә мен Әсуәд тірі болғанда, онда олардың өзі Суфянның сабақтарына мұқтаж болар еді», - деді. Одан кейін мен Суфянға бардым, ол да мен қайдан келгенімді сұрады. Мен Әбу Ханифадан келе жатқанымды айттым. Сонда